» » Информация о горячем питании

 
 
 

Информация о горячем питании

Автор: admin2 от 4-06-2014, 14:27, посмотрело: 638

0

Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды  тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларына

2-қосымша  

 

 

 

Конкурс туралы хабарландыру

 

 

Алматы қаласы Алматы қаласы білім беру басқармасының О. Жандосов атындағы «№ 105 гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

050008, Алматы қ., Абай даңғ., 54

Email:  almaty-sh105@mail.ru

Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды.

Қызмет:

Алматы қаласы Білім басқармасының О. Жандосов атындағы «№ 105 гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет алатын оқушы саны 1728, бюджет қаражаты есебінен тегін тамақтанатын 738 оқушы, аталған қызмет бойынша бөлінген сомада 20 311 000 - 00 тенге  көрсетілуі тиіс.

 

Қызметті көрсету мерзімі 01.09.2014ж. - 31.12.2014ж. аралығында.

Конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін барлық әлеуметті өнім берушілер конкурсқа жіберіледі.

Конкурстық құжаттама көшірмелерінің топтамасын 2014 жылғы "14"маусымға дейінгі мерзімді қоса алғанда мына мекенжай бойынша: Алматы қ., Абай даңғ., 54 үй, № 116 бөлме, сағат 09-00-дан 13-00-ге дейін және/немесе «105.alschool.kz» интернет-ресурсынан алуға болады. 

Конвертке салынған конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер Алматы қаласы Білім басқармасының О. Жандосов атындағы «№ 105 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

мына мекенжай бойынша : Алматы қ., Абай даңғ., 54 үй, № 116 бөлмеге  жібереді.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі 24 маусымы күні сағат 13.00-ге дейін.

  

Конкурсқа қатысуға өтінімдер бар конверттер 2014 жылдың 24  маусымы күні сағат 17-00 –де, мына мекенжай бойынша Алматы қаласы, Абай даңғ., 54 үй, № 116 бөлмеде ашылады. 

Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады:8(727) 392-19-62, 392-19-28.

Объявление о конкурсе

 

Организатор конкурса:

Коммунальное государственное учреждение «Гимназия № 105» имени Ураза Джандосова  

Управления образования города Алматы

050008, г. Алматы, проспект Абая, д.54

Email:  almaty-sh105@mail.ru

 

объявляет о проведении конкурса по организации питания обучающихся в организации среднего образования.

        Услуга должна быть оказана:

Коммунальное государственное учреждение «Гимназия № 105» имени Ураза Джандосова

Управления образования города Алматы по организации питания обучающихся в организации среднего образования, получатели услуги 1728 учащихся, из них 736 учащихся, получающих питание бесплатно за счет бюджетных средств, сумма выделенная на оказание данной услуги составляет 20 311 000 - 00 тенге.

 

Срок оказания услуги с 01.09.2014г. по 31.12.2014г.

 

         К конкурсу допускаются все потенциальные поставщики, отвечающие требованиям конкурсной документации.

        Пакет копии конкурсной документации можно получить в срок до 14 июня 2014 года  включительно по адресу: г.Алматы, проспект Абая, д.54 , кабинет № 116  с 09-00 до 13-00 часов и/или на интернет-ресурсе- « 105.alschool.kz  »

 

Конкурсные заявки на участие в конкурсе, запечатанные в
 конверты, предоставляются (направляются) потенциальными поставщиками в
Коммунальное государственное учреждение «Гимназия №105» имени Ураза Джандосова  Управления образования города Алматы

 

по адресу: г. Алматы, проспект Абая, д.54,  кабинет № 116

 

Окончательный срок предоставления заявок на участие в конкурсе до
13-00 часов 24  июня 2014 года
.

Конверты с заявками на участие в конкурсе будут вскрываться
по следующему адресу: :
г. Алматы, проспект Абая, д.54,  кабинет № 116, «24» июня 2014 года в 17-00 часов

 

Дополнительную информацию и справку можно получить по
 телефону:  8(727) 392-19-62, 392-19-28

 

 «Бекітемін»

Алматы қаласы білім басқармасының

О. Жандосов атындағы «№ 105 гимназия» КММ

Директорының м.а.  З.А.Ганибаева

__________________

№ ___бұйрық 02.06.2014ж.

 

 

Алматы қаласы білім беру басқармасының

О. Жандосов атындағы «№ 105 гимназия» КММ

білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді таңдау жөніндегі конкурс

Тапсырушы: Алматы қаласы білім беру басқармасының О. Жандосов атындағы «№ 105 гимнмазия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  Заңды мекенжайы: Қазақстан, Алматы қ., Абай даңғ., 54

Нақты мекенжайы: Қазақстан, Алматы қ., Бостандық ауданы, Абай даңғ., 54

Пошталық мекенжайы: 050008, Алматы қаласы,  Бостандық ауданы, Абай даңғ., 54, БСН  990440003101

Банк реквизиттері: ИИК KZ32070102KSN6001000

БИК KKMFKZ2A, есеп валютасы: теңге (KZT), ҚР Қаржы Министрдігінің Қазына комитеті

Конкурсты ұйымдастырушы: Алматы қаласы білім беру басқармасының О. Жандосов атындағы «№105 гимнмазия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  Заңды мекенжайы: Қазақстан, Алматы қ., Абай даңғ., 54  

 

1. Жалпы ережелер

 

<!--[if !supportLists]-->1.  <!--[endif]-->Конкурс Алматы қаласы білім беру басқармасының О. Жандосов атындағы «№ 105 гимназия»  коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі жабдықтаушыны таңдау мақсатында өткізіледі.

             Орта білім беру ұйымында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет) алушылардың жалпы саны 1728 білім алушыны құрайды, оның ішінде жекелеген санаттағы білім алушылар 738.

Білім алушыларды тегін тамақтандыруды ұйымдастыруға бюджет қаражаты есебінен бөлінетін сома 20 311 000 – 00теңгені құрайды.

Бір білім алушыны тамақтандыру құны конкурсты ұйымдастырушы белгілеген құннан аспайды.

2. Осы конкурстық құжаттама мыналарды: 

1) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметтерді алушылар санаттарының тізбесін;

2) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес техникалық тапсырманы; 

3) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3, 4-қосымшаларға сәйкес заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінішті; 

4) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді; 

5) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес неғұрлым сапалы қызмет көрсетуді ұсынатын конкурс жеңімпазын айқындау үшін критерийлер тізбесін қамтиды.

3. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өтініш беруші конкурсқа қатысуға өтінішпен қоса орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын тегін тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін бюджет қаражаты есебінен бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде конкурсқа қатысуға арналған өтінішті қамтамасыз етуді: 

1) конкурсты ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) келесі банк шотында KZ160705023603928001 орналастырылған ақшаның кепілдік ақшалай жарнасы (конкурсты ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) банктік шотының толық деректемелерін көрсету)

орналастырылғын ақшаның кепілдік берілген ақша жарнасы; 

2) осы  конкурстық құжаттаманың 7 қосымшасына сәйкес банктік кепілдік нысанында енгізеді. 

 

2. Әлеуетті өтініш берушілерді конкурс туралы хабардар ету

 

4. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде, бірақ әлеуетті өтініш  берушiлер конкурсқа қатысуға өтiнiмдер беретін соңғы күнге дейін кемiнде күнтiзбелiк жиырма күн қалғанда Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдауқағидаларының2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша интернет-ресурста конкурс туралы хабарландыруды орналастыру арқылы әлеуетті өнім берушілерді хабардар етеді.

5. Конкурстық құжаттаманың көшірмелері интернет-ресурста орналастырылады және ол әлеуетті өнім берушілерге қағаз түрінде беріледі.

6. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурс қатысушыларына конкурстық құжаттаманың қағаз түріндегі көшірмелерін қол қойғызып береді және деректерді конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізеді.

7. Тұлғаларды тіркеу журналында конкурс атауы мен өткізу мерзімі, әлеуетті өнім берушінің не заңды тұлға өкілінің тегі, аты, әкесінің аты, жеке куәлігінің нөмірі, орналасқан жері мен байланыс телефондары, конкурстық құжаттама көшірмесін алу уақыты мен күні көрсетіледі.

8. Тұлғаларды тіркеу журналы тігіледі, беттері нөмірленеді, соңғы парағы конкурсты ұйымдастырушының мөрімен бекітіледі.

2. Конкурстық құжаттама көшірмелерін алған әлеуеттік жабдықтаушыға ережелерді түсіндіру

 

5. Конкурсқа қатысатын әлеуетті жабдықтаушы 2014 жылдың 14 маусымы сағат 13.00-ге дейін конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы жазбаша өтінімімен шағымдану тиіс. Әлеуетті жабдықтаушылардың өтінімдерін сатып алуды ұйымдастырушының келесі реквизиттеріне жіберу қажет: Алматы қ., Абай даңғ., 54 үй, № 116 каб.

6. Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырушы, өтінімді алғаннан кейін, үш жұмыс күні ішінде жауп беруі тиіс, сонымен, кімнен өтінім түскенін көрсетпей:

1) конкурстық құжаттамаларды алған, тіркеу журналына мәліметтері енгізілген тұлғаларға конкурстық құжаттамалардың еределерінің түсіндірмелерін жолдау;

2) өзінің веб-сайтында конкурстық құжаттамалар еределерінің түсіндірмелерін орналастыру.

 

3. Конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімді ресімдеу

 

9. Конкурсқа қатысуға өтініш:

1) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3, 4-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған және әлеуетті өтініш берушінің қолы қойылып,  мөрімен куәландырылған өтінішті;

2) конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес әлеуетті өнім беруші құжаттарының тізбесін қамтиды:

заңды тұлғалар үшін құқықтық қабілеттілігін (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі немесе анықтама,заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғы көшірмесі), жеке тұлғалар үшін – азаматтық қабілеттілігін (кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжат, жеке куәлігінің көшірмесі) растайтын нотариат куәландырған құжаттар;

осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының банктің (банк филиалының) бірінші басшысының немесе оның орынбасарының қолы қойылып,банк мөрі бар әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан көп созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші бірнеше екінші деңгейдегі банктердің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтінімдер бар конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдан кешіктірілмей алынуы тиіс;

конкурстық өтінімдер бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кешіктірмей алынған үш айдан астам салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары жәнежинақтаушы зейнетақы қорларына әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екені туралы (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) салық органы басшысының не орынбасарының қолы қойылып, мөрімен бекітілген не e-gov электрондық үкіметі порталы арқылы алынған салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;

бар болса ҚҚС (қосылған құн салығы) бойынша есепте тұрғаны туралы куәліктің көшірмесі;

осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға банктік кепілдік немесе кепілдік берілген ақшалай жарна түрінде өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың түпнұсқасы;

осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес көрсетiлетiн қызметтердiң сапалық және сандық сипаттамалары айқындалған техникалық тапсырма. Техникалық тапсырмада міндетті тәртіппен оқушыларды сапалы,теңгерімделген және қауіпсіз тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін талап етілетін перспективалық мәзір көрсетіледі;

осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға нысан бойынша қызметкерлердің біліктілігі туралы мәліметтер.

Әлеуетті жабдықтаушы конкурсқа қатысу жөніндегі өтінішін конвертке салып, оның бет жағына өзінің толық атауы мен мекенжайын (уақыттан кешіккен жағдайда конвертті ашпай қайтару мақсатында), толық атауын, сатып алуды ұйымдастырушының пошталық мекенжайын, конкурстың атауын жазады.

 

4. Конкурсқа қатысуға өтінімді беру тәртібі

 

10. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурсқа қатысушылар конкурсты ұйымдастырушыға қолма-қол немесе почта байланысын пайдалана отырып: 050008, Алматы қ., Абай даңғ., 54 үй, № 116 каб., О. В. Земцова, 2014 жылдың 24 маусымы, сағат 13.00-ге дейін. Құжаттарды қабылдау дүйсенбі-жұма күндері, сағат 9-00 бастап 17.00-ге дейін, сенбі күні сағат  9.00-ден 13.00-ге  дейін. Телефон 8(727)392-19-28, 8(727)392-19-62.

11. Конкурстық комиссияның хатшысы өтінімдері бар конверттерді қабылдайды және өтінімдерді тіркеу журналына конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтерді енгізеді.

12. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналында өткізу мерзімі туралы, конкурсты ұйымдастырушы, әлеуетті өнім берушіжөнінде мәліметтер, атауы мен почта мекенжайы, ЖСН, жеке куәлігі, өтінімді тіркеу күні мен уақыты көрсетіледі.

Көрсетілген журналға өтінімдерді тіркеуден бас тарту себебін көрсете отырып, әлеуетті өнім берушілер туралымәліметтер енгізіледі.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналы конкурстық құжаттама көшірмелерін алған адамдарды тіркеу журналына ұқсас ресімделеді.

13. Конкурсты ұйымдастырушы бекіткен мерзім өткеннен кейін ұсынылған, сонымен қатар, конкурстық тапсырыстар бар конверттерді рәсімдеуіне қойылған талаптар бұзылған өтінімдер тіркелуге жатпайды және әлеуетті өнім берушілерге қайтарылады.

 

5. Конкурс өтінімдерібар конверттерді конкурстық комиссияның ашуы

 

14. Конкурсқа қатысу үшін берілген тапсырыстары бар конверттер, конкурстық комиссия мүшелерінің қатысуымен, 2014 жылдың 24 маусымы күні сағат 17.00-де, Алматы қ., Бостандық ауданы, Абай даңғ., 54 үй мекенжайында орналасқан № 116 кабинетте өткізіледі.

Әлеуетті жабдықтаушылар бекітілген мерзім мен сатып алуды ұйымдастырущының хабарламасында және осы конкурстық құжаттамада көрсетілген тәртіппен тапсырылған конверттер ашылады.

Конкурсқа (лотқа) бір ғана өтініш түскен кездің өзінде, конкурсқа қатысуға берілген тапсырыс ашылады.

Конкурсқа қатысуга өтініш білдірген конвертті ашуға қатысқан жабдықтаушының өкілетті өкілдері өздерінің өкілеттілікткерін растайтын құжаттарды көрсетіп,жабдықтаушы тіркелетін журналда тіркелуі тиіс; Алматы қаласы, Абай даңғ., 54 үй, № 116 кабинет, сағат 13.00.

шаблоны для dle

Категория: Информация

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.