» » конкурсная документация на казахском языке

 
 
 

конкурсная документация на казахском языке

Автор: admin2 от 4-06-2014, 16:37, посмотрело: 811

0 «Бекітемін»
Алматы қаласы білім басқармасының
О. Жандосов атындағы «№ 105 гимназия» КММ
Директорының м.а. З.А.Ганибаева
__________________
№ ___бұйрық 02.06.2014ж.


Алматы қаласы білім беру басқармасының
О. Жандосов атындағы «№ 105 гимназия» КММ
білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді таңдау жөніндегі конкурс
Тапсырушы: Алматы қаласы білім беру басқармасының О. Жандосов атындағы «№ 105 гимнмазия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Заңды мекенжайы: Қазақстан, Алматы қ., Абай даңғ., 54
Нақты мекенжайы: Қазақстан, Алматы қ., Бостандық ауданы, Абай даңғ., 54
Пошталық мекенжайы: 050008, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Абай даңғ., 54, БСН 990440003101
Банк реквизиттері: ИИК KZ32070102KSN6001000
БИК KKMFKZ2A, есеп валютасы: теңге (KZT), ҚР Қаржы Министрдігінің Қазына комитеті
Конкурсты ұйымдастырушы: Алматы қаласы білім беру басқармасының О. Жандосов атындағы «№105 гимнмазия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Заңды мекенжайы: Қазақстан, Алматы қ., Абай даңғ., 54

1. Жалпы ережелер

1. Конкурс Алматы қаласы білім беру басқармасының О. Жандосов атындағы «№ 105 гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі жабдықтаушыны таңдау мақсатында өткізіледі.
Орта білім беру ұйымында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет) алушылардың жалпы саны 1728 білім алушыны құрайды, оның ішінде жекелеген санаттағы білім алушылар 738.
Білім алушыларды тегін тамақтандыруды ұйымдастыруға бюджет қаражаты есебінен бөлінетін сома 20 311 000 – 00 теңгені құрайды.
Бір білім алушыны тамақтандыру құны конкурсты ұйымдастырушы белгілеген құннан аспайды.
2. Осы конкурстық құжаттама мыналарды:
1) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметтерді алушылар санаттарының тізбесін;
2) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес техникалық тапсырманы;
3) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3, 4-қосымшаларға сәйкес заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінішті;
4) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді;
5) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес неғұрлым сапалы қызмет көрсетуді ұсынатын конкурс жеңімпазын айқындау үшін критерийлер тізбесін қамтиды.
3. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өтініш беруші конкурсқа қатысуға өтінішпен қоса орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын тегін тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін бюджет қаражаты есебінен бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде конкурсқа қатысуға арналған өтінішті қамтамасыз етуді:
1) конкурсты ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) келесі банк шотында KZ6507050236033821001 орналастырылған ақшаның кепілдік ақшалай жарнасы (конкурсты ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) банктік шотының толық деректемелерін көрсету)
орналастырылғын ақшаның кепілдік берілген ақша жарнасы;
2) осы конкурстық құжаттаманың 7 қосымшасына сәйкес банктік кепілдік нысанында енгізеді.

2. Әлеуетті өтініш берушілерді конкурс туралы хабардар ету

4. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде, бірақ әлеуетті өтініш берушiлер конкурсқа қатысуға өтiнiмдер беретін соңғы күнге дейін кемiнде күнтiзбелiк жиырма күн қалғанда Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдауқағидаларының2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша интернет-ресурста конкурс туралы хабарландыруды орналастыру арқылы әлеуетті өнім берушілерді хабардар етеді.
5. Конкурстық құжаттаманың көшірмелері интернет-ресурста орналастырылады және ол әлеуетті өнім берушілерге қағаз түрінде беріледі.
6. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурс қатысушыларына конкурстық құжаттаманың қағаз түріндегі көшірмелерін қол қойғызып береді және деректерді конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізеді.
7. Тұлғаларды тіркеу журналында конкурс атауы мен өткізу мерзімі, әлеуетті өнім берушінің не заңды тұлға өкілінің тегі, аты, әкесінің аты, жеке куәлігінің нөмірі, орналасқан жері мен байланыс телефондары, конкурстық құжаттама көшірмесін алу уақыты мен күні көрсетіледі.
8. Тұлғаларды тіркеу журналы тігіледі, беттері нөмірленеді, соңғы парағы конкурсты ұйымдастырушының мөрімен бекітіледі.
2. Конкурстық құжаттама көшірмелерін алған әлеуеттік жабдықтаушыға ережелерді түсіндіру

5. Конкурсқа қатысатын әлеуетті жабдықтаушы 2014 жылдың 14 маусымы сағат 13.00-ге дейін конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы жазбаша өтінімімен шағымдану тиіс. Әлеуетті жабдықтаушылардың өтінімдерін сатып алуды ұйымдастырушының келесі реквизиттеріне жіберу қажет: Алматы қ., Абай даңғ., 54 үй, № 116 каб.
6. Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырушы, өтінімді алғаннан кейін, үш жұмыс күні ішінде жауп беруі тиіс, сонымен, кімнен өтінім түскенін көрсетпей:
1) конкурстық құжаттамаларды алған, тіркеу журналына мәліметтері енгізілген тұлғаларға конкурстық құжаттамалардың еределерінің түсіндірмелерін жолдау;
2) өзінің веб-сайтында конкурстық құжаттамалар еределерінің түсіндірмелерін орналастыру.

3. Конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімді ресімдеу

9. Конкурсқа қатысуға өтініш:
1) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3, 4-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған және әлеуетті өтініш берушінің қолы қойылып, мөрімен куәландырылған өтінішті;
2) конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес әлеуетті өнім беруші құжаттарының тізбесін қамтиды:
заңды тұлғалар үшін құқықтық қабілеттілігін (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі немесе анықтама,заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғы көшірмесі), жеке тұлғалар үшін – азаматтық қабілеттілігін (кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжат, жеке куәлігінің көшірмесі) растайтын нотариат куәландырған құжаттар;
осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының банктің (банк филиалының) бірінші басшысының немесе оның орынбасарының қолы қойылып,банк мөрі бар әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан көп созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші бірнеше екінші деңгейдегі банктердің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтінімдер бар конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдан кешіктірілмей алынуы тиіс;
конкурстық өтінімдер бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кешіктірмей алынған үш айдан астам салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары жәнежинақтаушы зейнетақы қорларына әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екені туралы (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) салық органы басшысының не орынбасарының қолы қойылып, мөрімен бекітілген не e-gov электрондық үкіметі порталы арқылы алынған салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;
бар болса ҚҚС (қосылған құн салығы) бойынша есепте тұрғаны туралы куәліктің көшірмесі;
осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға банктік кепілдік немесе кепілдік берілген ақшалай жарна түрінде өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың түпнұсқасы;
осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес көрсетiлетiн қызметтердiң сапалық және сандық сипаттамалары айқындалған техникалық тапсырма. Техникалық тапсырмада міндетті тәртіппен оқушыларды сапалы,теңгерімделген және қауіпсіз тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін талап етілетін перспективалық мәзір көрсетіледі;
осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға нысан бойынша қызметкерлердің біліктілігі туралы мәліметтер.
Әлеуетті жабдықтаушы конкурсқа қатысу жөніндегі өтінішін конвертке салып, оның бет жағына өзінің толық атауы мен мекенжайын (уақыттан кешіккен жағдайда конвертті ашпай қайтару мақсатында), толық атауын, сатып алуды ұйымдастырушының пошталық мекенжайын, конкурстың атауын жазады.

4. Конкурсқа қатысуға өтінімді беру тәртібі

10. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурсқа қатысушылар конкурсты ұйымдастырушыға қолма-қол немесе почта байланысын пайдалана отырып: 050008, Алматы қ., Абай даңғ., 54 үй, № 116 каб., О. В. Земцова, 2014 жылдың 24 маусымы, сағат 13.00-ге дейін. Құжаттарды қабылдау дүйсенбі-жұма күндері, сағат 9-00 бастап 17.00-ге дейін, сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін. Телефон 8(727)392-19-28, 8(727)392-19-62.
11. Конкурстық комиссияның хатшысы өтінімдері бар конверттерді қабылдайды және өтінімдерді тіркеу журналына конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтерді енгізеді.
12. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналында өткізу мерзімі туралы, конкурсты ұйымдастырушы, әлеуетті өнім берушіжөнінде мәліметтер, атауы мен почта мекенжайы, ЖСН, жеке куәлігі, өтінімді тіркеу күні мен уақыты көрсетіледі.
Көрсетілген журналға өтінімдерді тіркеуден бас тарту себебін көрсете отырып, әлеуетті өнім берушілер туралымәліметтер енгізіледі.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналы конкурстық құжаттама көшірмелерін алған адамдарды тіркеу журналына ұқсас ресімделеді.
13. Конкурсты ұйымдастырушы бекіткен мерзім өткеннен кейін ұсынылған, сонымен қатар, конкурстық тапсырыстар бар конверттерді рәсімдеуіне қойылған талаптар бұзылған өтінімдер тіркелуге жатпайды және әлеуетті өнім берушілерге қайтарылады.

5. Конкурс өтінімдерібар конверттерді конкурстық комиссияның ашуы

14. Конкурсқа қатысу үшін берілген тапсырыстары бар конверттер, конкурстық комиссия мүшелерінің қатысуымен, 2014 жылдың 24 маусымы күні сағат 17.00-де, Алматы қ., Бостандық ауданы, Абай даңғ., 54 үй мекенжайында орналасқан № 116 кабинетте өткізіледі.
Әлеуетті жабдықтаушылар бекітілген мерзім мен сатып алуды ұйымдастырущының хабарламасында және осы конкурстық құжаттамада көрсетілген тәртіппен тапсырылған конверттер ашылады.
Конкурсқа (лотқа) бір ғана өтініш түскен кездің өзінде, конкурсқа қатысуға берілген тапсырыс ашылады.
Конкурсқа қатысуга өтініш білдірген конвертті ашуға қатысқан жабдықтаушының өкілетті өкілдері өздерінің өкілеттілікткерін растайтын құжаттарды көрсетіп,жабдықтаушы тіркелетін журналда тіркелуі тиіс; Алматы қаласы, Абай даңғ., 54 үй, № 116 кабинет, сағат 13.00.
Жабдықтаушы мен оның өкілетті өкілдері конкурс комиссиясына конкурсқа қатысу туралы өтініш білдірген конверттерді ашу кезінде бейнежазу мен бейнетүсірілім жасайтын техникалық құралдарды пайдаланатынарын хабарлайды.
Конкурсқа қатысуга өтініш білдірген хатты ашқанда конкурстық комиссия отырысына қатысушылардың иесіне, конкурстық комиссия хатшысының жұмысына жабдықтаушы мен оның өкілетті өкілдерінің араласуына, қол сұғуына тиым салынады.
15. Конкурстық комиссияның төрағасы қатысушыларға конкурстық комиссияның құрамы, белгіленген мерзімде конкурсқа қатысуға өтінімді ұсынған әлеуетті өнім берушілердің саны туралы хабарлайды.
16. Комиссия хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімді ұсынған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген мәліметтерді жариялайды және әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерібар конверттерін ашады.
17. Конкурсты ұйымдастырушының хабарландыруында белгіленген мерзімде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінімдерібар конверттер ашылуға жатады.
18. Конверттерді ашу хаттамасы Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ресімделеді, оған конкурстық комиссияның мүшелері әрбір парағына және соңына қолын қояды және әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері бар конверттер ашылған күннен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірмей интернет-ресурста орналастырылады.

6. Конкурстық өтінімдерді қарау

19. Комиссия өтінімдер бар конверттер ашылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде конкурсқа қатысуға рұқсат беру үшін өтінімді толықтығы және конкурстық құжаттамаға сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
20. Конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынған, конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтінәлеуетті өнім берушілер конкурсқа жіберілмейді. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысу үшін берілген тапсырысты, түзетуге жарайтын грамматикалық немесе арифметикалық қателері бар конурстық құжаттарды қарастырады. Конкурстық комиссия әлеуетті жабдықтаушыны біліктілік талаптарға сай келмейді деп, келесі жағдайларда таниды:
1) әлеуетті жабдықтаушы біліктілік талаптарға сай екендігін растау үшін қажетті құжаттарды тапсырмаса, немесе құжаттары дұрыс рәсімделмесе;
2) біліктілік талаптарға сай екендігін растауға әлеуеттік жабдықтаушы тапсырған құжаттардағы ақпарат негізінде біліктілік талаптарға сай емес екендігі анықталса;
3) біліктілік талаптар бойынша көрсетілген ақпарат анық болмаса.

21. Конкурстық комиссия конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды және оларды конкурсқа қатысушылар ретінде таниды.
22. Отырыс конкурсқа рұқсат беру туралы хаттамамен ресімделеді, оның әрбір парағына және соңына конкурстық комиссияның барлық мүшелері қолын қояды.
23. Комиссия Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының4-қосымшасына сәйкес өзінің шешімін конкурсқа рұқсат беру хаттамасымен ресімдейді.
Қол қойылған конкурсқа рұқсат беру хаттамасы комиссия отырысы өткен күннен бастап күнтізбелік екі күннен кешіктірмей интернет-ресурста орналастырылады.
24. Конкурсты ұйымдастырушы неғұрлым сапалы көрсетілетін қызметті ұсынатын конкурс жеңімпазын айқындау үшін өнім берушіні таңдау критерийлерінкөздейді.
25. Комиссия конкурсқа қатысуға рұқсат беру хаттамасы жарияланған сәттен бастап күнтізбелік екі күн ішінде осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сай өлшемдерге сәйкес жеңімпазды айқындау үшін рұқсат берілген әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін бағалайды және салыстырып тексереді.
26. Конкурстық комиссияның өтінімді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендіруге байланысты әрекетіне жол берілмейді.
Өтінімді сәйкестендіру деп конкурстық комиссияның өтінімді жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, құжаттарды алмастыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды дұрыстауға бағытталған әрекеті түсініледі.
27. Егер неғұрлым үздік сипаттамалары бар көрсетілетін қызмет ұсынылған жағдайда, әлеуетті өнім берушінің техникалық тапсырмасының конкурстық құжаттамада көрсетілген техникалық тапсырмаға сәйкес болмауына жол беріледі.
28. Барынша көп балл жинаған және басқа әлеуетті жеткізушілермен салыстырғанда міндеттемелерді ең үздік орындау шарттарын ұсынған әлеуетті өнім беруші конкурс жеңімпазы болып танылады.
Егер конкурста конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес өтінімді ұсынған және Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының талаптарына сәйкес келетін бір әлеуетті өнім беруші қатысқан жағдайда, ол конкурс жеңімпазы болып танылады.
29. Конкурстық комиссияның төрағасы, ол болмаған жағдайда төраға орынбасары конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған тұлғаларға конкурс нәтижелері мен жеңімпазын жариялайды.
30. Конкурс қорытындылары туралы хаттама Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдауқағидаларының 5-қосымшасына сәйкесресімделеді, оған комиссияның мүшелері әрбір парағына және соңына қолын қояды.
31. Конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде конкурсты ұйымдастырушы конкурс қорытындылары туралы хаттаманы интернет-ресурста орналастырады.
32. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінішті қамтамасыз етуді ол конкурс жеңімпазы ретінде айқындалған жағдайда шарт жасасудың және шартты орындаудың қамтамасыз етуін енгізудің кепілі ретінде енгізеді.
33. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді конкурсқа бөлінген соманың бір пайызы көлемінде енгізеді. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысу үшін тапсырыста соманың бір пайызынан кем көлемінде қамтамасыз етілген жағдайда осы КҚ тиісті талаптарға сай деп танылады.
34. Әлеуетті өнім беруші осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес банктік кепілдік немесе кепілдік берілген ақша жарнасы түрінде конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізеді, ол конкурсты ұйымдастырушының банк шотына енгізеді.
35. Өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі–конкурсөтінімінің қолданылу мерзімінен кем емес.
36. Қамтамасыз етуі жоқ конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық комиссия кері қайтарады.
37. Әлеуетті өнім берушінің тұтастай алғанда, үшінші тұлғаларда неконкурсқа қатысуға өтінім мерзімінің аяқталуына дейін енгізілген кепілдік берілген ақша жарнасы бөлігінде талап ету құқығының туындауына әкелетін іс-қимылдарына жол берілмейді.
38. Конкурсты ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай:
1) жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарған;
2) конкурстың жеңімпазы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгіленген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаған не уақтылы орындамағанжағдайларда қайтармайды.
39. Конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушігеөзі енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі басталған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде қайтарып береді:
1) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылуы. Көрсетілген жағдай конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды;
2) конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылуы. Көрсетілген жағдай конкурс жеңімпазы болып айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;
3) шарттың күшіне енуі және конкурс жеңімпазының шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуі.

7. Конкурс қортындысы бойынша мелекеттік сатып алу жөніндегі келісім-шарт
40. Әлеуетті жабдықтаушы веб-порталда конкурс қортындысының хаттамасы жарияланғаннан кейін бес жұмысы күні ішінде, мемлекеттік сатып алу жөніндегі келісім-шартқа қол қоймастан бұрын тапсырушыға әлеуеттік жабдықтаушының, бұрын конкурсқа қатысу үшін берілген тапсырыстық көшірмесі ретінде салынған біліктілік талаптарына сай келетіндігін растайтын көшірмені жібереді.
41. Электронды конкурс қорытындысы бойынша хаттамаға қол қойылған бес күн ішінде мердігер жабдықтаушыға мемлекеттік сатып алу тауарларының келісімөшар жобасын, жұмыс көлемін, «ҚР Мемлекттік сатып алу туралы» заңына бұдан кейін заң ға сәйкес атқарылатын қызмет көрсету аясына, типтік келісім-шар негізінде мемлекеттік сатып алу жұмыстарының түрлеріне қол қойып, жабдықтаушыға жібереді.
42. Жабдықтаушы мемлекеттік сатып алу жөніндегі келісім-шартқа қол қойылғаннан кейін бес күн ішінде мемлекеттік сатып алу жөнінде келісім-шартта айытыоғандарды орындауга қамтамасыз етуі тиіс.
43. Мемлекеттік сатып алу жөніндегі келісім-шартты орындауды қамтамасыз етудің кепілдемесі жабдықтаушы өз уақытында, толықтай мемлекеттік сатып алу жөніндегі келісім-шартта айытылғандарды орындау болып есептелінеді.
44. Келісім-шартты қамтамасыз етуді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы келісім-шартта көрсетілген жалпы соманың үш пайызы көлемінде енгізеді.
45. Жабдықтаушы мемлекеттік сатып алу жөніндегі келісім-шартты орындауда қамтамасыз етудің мына бір түрін таңдайды.
1) Тапсырушының банктегі есепшотына немесе ҚР бюджет заңдылықтарыңда қарастырылған мемлекеттік ұйымның немесе мемлекеттік мекеменің есепшотына кепілдемеге ақша аударса;
2) Ереженің 9-қосымшасына сәйкес банкттік кепілдеме.
46. Келісімшартта көрсетілген міндеттер толық орындалмағанша, жабдықтаушы тараптарынан үшінші бір адамның кепілдеме ақшаны толықтай не бір бөлігін талап етуіне жол берілмейді.
47. Тапсырушы жабдықтаушының кепілдемеге салған ақшасы Заңды қарастырылмаған мақсатқа жұмсауга құқы жоқ.
48. Тапсырушы жабдықтаушыға мемлекеттік сатып алу келісімшартының орындалуы өз уакытында немесе бес жұмыс күні ішінде атқарылса, онда оның жұмсаған ақшасын қайтарады. Жабдықтаушы мемлекеттік сатып алулар туралы келісім шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерді дұрыс орындамаған жағдайда, тапсырушы мемлекеттік сатып алулар туралы келісім шарттың қамтамасыз етуін, тұрақсыздық анықталған кезден бес жұмыс күні ішінде тиісті бюджетке қайтарады.
49. Егер жабдықтаушы келісім-шартта айтылған міндеттерді, жұмыс көлемін орындамаса, тауарларды өз уақытында әкелмесе, мемлекеттік сатып алу жөніндегі келісім-шар бұзылса, онда мердігер келісім-шартты қамтамасы ететін қаржыны қайтармайды.
50. Заңның 3-бабының 6,7,8 тармақшаларында көрсетіленгендей, келісім-шарт ережесі бір жылға жасалады.
51. Келісім шартта мемлекеттік сатып алу жөніндегі өзгерістердің енгізілуі қарастырылуы керек.
52. Отандық тауар өндірушілерімен және отандық жабдықтаушылыарымен жасасқан келісім-шартта жұмыс, қызмет көрсету салаларына алдын ала ақы төлеу немесе толық төлеу ережеге сай, келісім-шарттағы міндетті орындауға кіріскен күннен есептегенде 30-күннен аспауы тиіс
53.Егер жабдықтаушы Заңды көрсетілген мерзімде мердігерге мемлекеттік сатып алу жөніндегі қол қойылған келісім-шарттын жасасып, бірақ конкурстық құжаттардағы айтылған міндеттерді орындауды қамтамасыз етпесе, онда мұндай жабдықтықтаушы мемлекеттік сатып алу келісімөшартына отырудын жалтарған болып есептеледі.
54. Егер жабдықтаушы мемлекеттік сатып алу келісімшартына отырудын жалтарса онда мердігер;
1) электронды конкурсқа қатысу үшін төлеген қаржасы ұсталады да, ол туралы мәләметтерді өкілетті органдарға ұсынады, мұндай жабдықтаушының мемлекеттік сатып алу жөніндегі жауапкершілігі төмен екендігі туралы сотка арыз береді.
2) Қажет жағдайда мұндай жабдықтаушыны сот арқылы мемлекеттік сатып алу келісім-шартына отыруға, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу келісім-шартынан жалтарғандағы зияның орнына толтыруға мәжбүрлейді.








Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау жөніндегі
конкурстық құжаттамаға
1-қосымша


Көрсетілетін қызметті алушылар санатының
тізбесі


Алматы қаласы білім беру басқармасы
О. Жандосов атындағы «№ 105 гимназия» КММ
білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді таңдау жөніндегі конкурс


№ Конкурсты ұйымдастырушының атауы Білім беру ұйымын
дағы көрсетілетін қызметті алушылар
дың жалпы саны Оның ішінде бюджет қаражаты есебінен тегін тамақтандыру
мен қамтамасыз етілетін білім алушылар Қызметті көрсету мерзімдері Қызметті көрсету орны Білім алушыларды тегін тамақтанды
руды қамтамасыз етуге
бюджет қаражаты есебінен бөлінген сома
1 2 3 4 5 6 7
1 Алматы қаласы Білім басқармасының О.Жандосов атындағы «№ 105 гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 1728





738 01.09.2014
31.12.2014 Алматы қаласы Білім басқармасының О.Жандосов атындағы «№ 105 гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы қ.,
Абай даңғ., 54 үй
20 311 000 - 00


2 маусым 2014

№ 105 гимназия
Директорының м.м. З.А.Ганибаева М.О.







Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау жөніндегі
конкурстық құжаттамаға
2-қосымша


Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды
ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні таңдау
бойынша конкурстық құжаттамаға
техникалық тапсырма

Алматы қаласы білім басқармасының «№1 мектеп-гиназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі оқушыларын тамақтануын ұйымдастыру бойынша Абай даңғ., 54 үй мекенжайы бойынша орналасқан орта білім беру ұйымының оқушыларына көрсетілуі тиіс, барлығы 930 оқушы, оның ішіндегі 509бастауыш мектеп оқушыларын 31.12.2014ж. мерзімге дейін бюджеттік қаражат есебінен 20 311 000 - 00теңге сомасына тегін тамақтанумен қамтамасыз ету керек.
Күн сайын ас мәзірін жұғымдылық, теңгерімділік, қауіпсіздік талаптарына сәйкес оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, міндетті түрде бірінші-үшінші тағамдарды дәрумендірумен конкурстың ұйымдастырушысы әзірлейді және халықтың санитарлық –эпидемиологиялық саулығы саласындағы уәкілетті органмен келісіледі.
- әлеуетті өнім беруші талаптарды қамтамасыз етуі тиіс;
- тұтынушылар кепіл болатын тағамдар мен тамақтарды кезеңдерінде санитарлық нормалар мен ережелерді сақтау үшін қажетті жағдайлар жасау;
- денсаулығының жағдайы бойынша рұқсаттары бар, кәсіби, гигиеналық даярлықтан және аттестаттаудан өткен тұлғаларды жұмысқа қабылдау;
- әрбір қызметкердің медициналық кітапшасының болуы;
- жұмысқа тұру кезінде алдын ала және барлық қызметкерлердің мерзімдік медициналық тексерулерден уақытында өтуі (медициналық мекемелермен келісім);
- күн сайын қажетті құжаттаманы жүргізу (бракераждық журналдар, персоналды ірің және тыныс органдарының өткір ауруларына қарау журналы және басқа құжаттар);
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, санитарлық ережелеріне, гигиеналық нормативтерге сәйкес қызметкерлер еңбектерінің жағдайлары;
- Қызметкерлерді үш жиынтықтан кем емес арнайы киіммен және бас киіммен қамтамасыз ету;
- Технологиялық, тоңазытқыш, желдеткіш және басқа жабдықтардың тиісті деңгейде жұмыс істеуі қамтамасыз ету және жұмыстың басталуы алдында жыл сайын тексеріс жүргізу;
- Өндірістік құралдардың, ыдыстың, жуатын және залалсыздандыратын құралдардың (ҚР қолдануға рұқсат етілген) және материалдық –техникалық жарақтандырудың басқа да заттарының жеткілікті мөлшерінің болуы;
- Жүргізілген жұмыстар туралы актінің болуымен дезинфекция, дезинсекция және дератизация бойынша іс-шараларды жүргізу;
- Алғашқы медициналық көмек көрсету үшін аптечкалардың болуы және оларды уақытында толтырып отыру;
- Семинарлар, әңгімелесулер, лекциялар өткізу жолымен персоналмен санитарлық-ағартушылық жұмыс ұйымдастыру;
- Өрт сөндіру құралдарының болуы. Ыстық тамақ қызметтері бойынша бірінші рет қатысып жатқан әлеуетті өнім жеткізушілер кепіл ұсынуға құқығы бар;
- Азық блогына келіп түсетін азық-түлектер азық-түлік шикізаты мен азық –түлік өнімдеріне қойылатын гигиеналық талаптарға сәйкес келуі тиіс және шығарылған күні, өнімнің сақталу мерзімі мен жағдайларын көрсете отырып, шығарылғаны, сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттары болуы тиіс.
Ілеспе құжатты өнімді таратуды аяқтағанға дейін сақтауы тиіс.
- Қызметті көрсету кезіндегі негізгі өнімдерінің сапасына сертификаттардың болуы;
- Дайын тамақты босату тек сынама жасалғаннан кейін ғана жүзеге асырылады. Тағамдарды құрамында үш адамнан кем емес құрамдағы бракераждық комиссия органолептикалық көрсеткіштер бойынша (сынама тамақ дайындалған ыдыстан тікелей алынады) жүргізеді: медициналық қызметкер, тамақ блогының қызметкері және білім беру мекемесі әкімшілігінің өкілі. Бракераж нәтижесі осы санитарлық ережелердің 12 қосымшасына сәйкес «дайын кулинарлық өнімдерді бракераждау журналына» тіркеледі.Тағамды дайындау технологиясы бұзылған кезде, сондай-ақ дайын болмаған жағдайда, анықталған кулинарлық кемшіліктер жойылғанға дейін тағам жіберуге босатылмайды.
- күн cайын жұмыс басталудың алдында медициналық қызметкер білім беру мекемесінің қоғамдық тамақтануды ұйымдастыратын қызметкерлердің қол терісінде және дененің ашық жерлерінде ірің ауруларының, сондай-ақ ангина, жоғары тыныс алу мүшерінің қатаралды көріністерінің болмауын тексереді.
- Сақтаудың ерекше жағдайларын талап ететін тез бұзылатын азық өнімдерінің сақталу жағдайлары мен сақтау мерзімдерін бақылау мақсатында осы санитарлық ережелердің 11 Қосымшасына сәйкес термометрлерді пайдаланумен (сыныптан басқалары) тоңазытқыш жабдықтарында сақтаудың температуралық режимін бақылауды жүргізеді;
- Технологиялық үдерістің сақталуын бақылау мақсатында дайындалған тағамдардың әрбір партиясынан тәуліктік сынама алынады. Тәуліктік сынаманы алуды осы санитарлық ережелердің 8 тармағындағы сынамаларды алу бойынша ұсыныстарға сәйкес азық блогының ( аспаз) қызметкері жүзеге асырады. Тәуліктік сынамалардың дұрыс алынуына және сақталу жағдайларына бақылауды медициналық қызметкер жүзеге асырады;
- Өндірістік ортаның заттар болып табылатын жабдық, мүлік ыдыс, тара қоғамдық тамақтандыру ұйымдарына қойылатын санитарлық –эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келуі тиіс және белгіленген тәртіпте азық өнімдерімен байланыста болу үшін рұқсат етілген материалдардан орындалуы тиіс;
- Өндірістік үй-жайларда орнатылған барлық технологиялық және тоңазытқыш жабдықтардың барлығы тиісті жұмыс жағдайында болуы тиіс және жыл сайын оларды тексерістен өткізіп отыру керек;
- Қандай да бір технологиялық жабдық істен шыққан кезде ас мәзіріне енгізу керек және дайын тағамдарды өндіру кезінде осы санитарлық ережелердің талаптарының сақталуын қамтамасыз ету керек;
- Осы санитарлық ережелердің талаптарына сәйкес жуу және залаласыздандыру ережелерін сақтау мақсатында бір отыратын орынға үш жиынтықтан кем емес есебі бойынша жеткілікті мөлшерде асхана ыдыстарымен және құралдарымен, сондай-ақ тарату желісінің маңында оны сақтау үшін шкафтармен қамтамасыз ету туралы міндеттеме хат;
- Азық өнімдерімен пайдалану барысында қауіпсіздік талаптарына жауап беретін форфорлық, фаянс және шыны ыдыстар ( тарелкалар, бокалдар) қолданылады. Асхана ыдыстар дайын тағамдарды дайындау және сақтауға арналған ыдыс тот баспайтын болаттан және (немесе) гигиеналық қасиеттері бойынша ұқсас материалдан жасалуы тиіс;
- Формасын өзгерткен, шеттері сынған, сызат түскен, эмалі бұзылған асхана және асүйлік ыдысты, алюминийден жасалған асхана құралдарын; пластмассадан және баспақталған фанерадан жасалған тақтайларды; сызат түскен және механикалық зақымданған тақтайшалар мен ұсақ ағаш құралдарын пайдалануға тыйым салынады;
- Оқушылардың тамақтану кестесін сақтау;
- Кассалық аппараттардың болуы;
- Азық өнімдерін және азық-түлік шикізатын жеткізу Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы беретін қорытындысы бар мамандандырылған машиналарда жүргізілуі тиіс. Жүргізуші мен экспедитордың жеке медициналық кітапшалары болуы тиіс.
- Оқушылардың тамақтануында тыйым салынған тағамдарды, сондай-ақ газдалған және алкогольсіз энергетикалық сусындарды, чипсыларды, сухарилерді және құрамында генномодификацияланған ингридиенттер бар тамақ өнімдері болдырмау туралы міндеттері
- Мектептегі асүйлік жайға жыл сайын қажеттілікке байланысты міндетті жөндеу жұмыстарын жүргізу;

02.06.2014ж.
№ 105 гимназия
Директорының м.м. З.А.Ганибаева М.О.


Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау жөніндегі
конкурстық құжаттамаға
3-қосымша


Конкурсқа қатысуға өтінім
(заңды тұлғалар үшін)

Кімге ________________________________________________________
(конкурсты ұйымдастырушының атауы)
Кімнен ______________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің толық атауы)
1. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер:
Әлеуетті өнім берушінің заңды, почта мекенжайы және байланыс телефондары
Заңды тұлғаның банктік деректемелері (БСН, БСК), сондай-ақ заңды тұлғаға қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының толық атауы мен мекенжайы
Заңды тұлғаның бірінші басшысының Т.А.Ә.

2.____________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
осы өтініммен _______________________________________________________
(конкурстың толық атауы)
конкурсқа әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға ниет білдіреді және конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес____________________________________________________________
(қажетін көрсету керек)
қызмет көрсетуді жүзеге асыруға келісім береді.
3.____________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
осы өтініммен заңнамада көзделген бұзушылықтардың жоқтығын растайды.
4.____________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
конкурстық құжаттамамен танысқанын және конкурсты ұйымдастырушыға және конкурстық комиссияға өзінің құқықтық қабілеті, біліктілігі, сапалық және _______________________________________көрсетілетін қызметтердің
(қажетін көрсету керек)
өзге де сипаттамалары туралы дұрыс емес мәліметтерді бергені үшін жауапкершілігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулерді сақтауы туралы хабардар етілгендігін растайды.
__________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
осы конкурсқа қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарда мұндай дұрыс емес мәліметтерді бергені үшін өзіне толық жауапкершілікті қабылдайды.
5. Осы конкурстық өтінім___күн ішінде қолданылады.
6.____________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
жеңімпаз деп танылған жағдайда, біз шарттың орындалуын қамтамасыз етуді шарттың жалпы сомасының үш пайызын құрайтын сомада енгізуге міндеттенеміз.
7. Конкурсқа қатысуға өтінім біздің арамыздағы міндетті шарттың рөлін атқарады.

Күні

Басшының қолы _____________________ М.О.
(Т.А.Ә., лауазымын көрсету)









Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау жөніндегі
конкурстық құжаттамаға
4-қосымша


Конкурсқа қатысуға өтінім
(жеке тұлға үшін)
Кімге ________________________________________________________
(конкурсты ұйымдастырушының атауы)
Кімнен ______________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің толық атауы)
1. Конкурсқа қатысуға үміткер жеке тұлға (әлеуетті өнім беруші) туралы мәліметтер:
Жеке тұлғаның – әлеуетті өнім
берушінің жеке басын куәландыратын
құжатқа сәйкес Т.А.Ә.
Жеке тұлғаның – әлеуетті өнім
берушінің жеке басын куәландыратын
құжаттың деректері (№, кім берген)
Жеке тұлғаның – әлеуетті өнім
берушінің тіркелген мекенжайы
Жеке тұлғаның – әлеуетті өнім
берушінің нақты тұрғылықты
мекенжайы
Тіркеу туралы куәліктің, патенттің
не Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес конкурс мәніне
сәйкес келетін кәсіпкерлік қызметпен
айналысуға құқық беретін өзге де
құжаттың нөмірі
Жеке тұлғаның – әлеуетті өнім берушінің банктік деректемелері (СТН, БСН, ЖСК), сондай-ақ жеке тұлғаға қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының толық атауы мен мекенжайы
Жеке тұлғаның – әлеуетті өнім
берушінің байланыс телефондары,
почта мекенжайы мен электрондық
почта мекенжайы (болған
жағдайда)
2.____________________________________________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә. көрсетіледі)
осы өтініммен конкурсқа (конкурстың толық атауын көрсету) әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға ниет білдіреді және конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес қызметтер көрсетуді (қажеттісін көрсету керек) жүзеге асыруға келісім білдіреді.
3.____________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің атауы)
осы өтініммен заңнамада көзделген бұзушылықтардың жоқтығын растайды.
4.____________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің атауы)
конкурстық құжаттамамен танысқанын және конкурсты ұйымдастырушыға өзінің құқығы, біліктілігі, сапалық және өзге де сипаттамалары туралы (қажеттісін көрсету) дұрыс емес мәліметтер бергені үшін жауапкершілігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулерді сақтауы туралы хабардар етілгендігін растайды.
______________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің атауы)
осы конкурсқа қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарды мұндай дұрыс емес мәліметтер бергені үшін өзіне толық жауапкершілікті қабылдайды.
5. Осы конкурстық өтінім __ күн ішінде қолданылады.
6.____________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің атауы)
конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, біз шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді шарттың жалпы сомасының үш пайызын құрайтын сомада енгізуді міндеттенеміз (егер де конкурстық құжаттамада шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу көзделген болса көрсетіледі).
7. Конкурсқа қатысуға өтінім біздің арамыздағы міндетті шарттың рөлін атқарады.

Күні

Басшының қолы _____________________ М.О.
(Т.А.Ә., лауазымын көрсету)



Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау жөніндегі
үлгілік конкурстық құжаттамаға
5-қосымша


Қызметкерлердің біліктілігі туралы
мәліметтер
(әлеуетті өнім беруші толтырады)


1. Әлеуеттіөнімберушініңатауы_______________________________
_________________________________________________________________
2. Орта білім беру ұйымдарындабілімалушылардытамақтандырудыұйымдастырубойыншақызметтікөрсетуүшін _________________________
(әлеуеттіөнімберушініңатауынкөрсету)
Әлеуеттіөнімберушідеқажетті штат қызметкерлері бар.
Қызметкерлердің жалпы саны ____ құрайды, оның ішінде растайтын құжаттарының көшірмелері қоса берілген ____аспазшы, ____ технолог, ____ диетолог:
Қызметкердің Т.А.Ә. Біліміжәнемамандығы Мамандығыбойыншаеңбекөтілі Біліктіліктіарттырукурстарытуралымәліметтер Жұмыс істеуге рұқсат берілгендігі туралы мәліметтер (рұқсат беру туралы белгісі бар медициналық кітапшалардың көшірмелері)

Барлығы
3. Растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, ________________________________соңғы бес жыл ішіндеконкурста сатып
(әлеуеттi өнiм берушiнің атауын көрсету)
алынатын көрсетілетін қызметтерге ұқсас көрсеткен қызметтердің көлемі.

Көрсетiлгенқызметтердiңатауы Тапсырысберушiлердiңатауы Қызметтердікөрсетуорныжәнежылы

4. ___________________________________________________________
(әлеуеттi өнiм берушiнің атауы)
рұқсат беру туралы белгісі бар жұмысқа жіберілген автокөлік пен жүргізушіге растайтын құжаттардың көшірмелері қоса берілген, қызмет көрсетуі үшін мамандандырылған автокөлігі (бар болса) бар:

Көлік түрi Көлікмаркасы Жекеменшiк, жалғаалынған (кiмнен) Жүргізушігерұқсат беру туралымәліметтер(рұқсат беру белгісі бар медициналықкітапшалардыңкөшірмелері) Рұқсатберу белгісікөрсетілгенкөліктіңсанитариялық-эпидемиологиялыққорытындысы


5. Қаржы ресурстарына (ақша қаражаты: меншікті, кредиттiк және т.б.) қол жеткізу туралы мәліметтер. Төменде санамалау.
__________________________________________________________________

6. Әлеуетті өнім беруші қызмет көрсету үшін ресурстардың бар екені туралы қосымша мәліметтерді көрсетеді.
Бiлiктiлiгi туралы барлық мәлiметтердiң дұрыстығын растаймын.


Күні

Басшының қолы _____________________ М.О.
(Т.А.Ә., лауазымын көрсету)




Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау жөніндегі
конкурстық құжаттамаға
6-қосымша


Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау критерийлері


№ Критерийлер Балдар
1 Конкурстыңнысанасыболыптабылатынқызметкөрсетунарығындағытәжірибесі Әр жылға 1 балдан, бірақ 5 балдан аспайды
2 Экологиялық менеджмент жүйесінқанағаттандыратынтамақтандырудыұйымдастырубойыншакөрсетілетінқызметкеқолданылатынсәйкестіксертификатыныңбар-жоғы Жоқ

(0 балл) Бар

(2 балл)
3 Тамақтандырудыұйымдастырубойыншакөрсетілетінқызметкеқолданылатын менеджмент сапасыжүйесісертификатыныңбар-жоғы Жоқ

(0 балл) Бар

(3 балл)
4 Аспазшылардың біліктілігі (10 балдан аспайды) Арнайы орта білім
3-разряд
(1 балл) Арнайы орта білім
4-разряд
(2 балл) 5-разряджәне (немесе) жоғарыбілім
(3 балл)
5 Технологтың, диетологтың болуы (4 балдан аспайды) Жоқ

(0 балл) Бір маман ғана бар
(1 балл) Бар

(2 балл)
6 Шығарылатын өнімнің ассортименттік тізбесінің бар-жоғы 10-нан кем ас атауы
(1 балл) 10-нан 30-ға дейін ас атауы
(2 балл) 30-дан 50-ге дейін ас атауы
(3 балл)
7 Азық-түлікті санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар арнайы көлікпен жеткізу шарттары Көлікжоқ


(0 балл) Жалдамалыкөлік

(3 балл) Жеке көлігініңболуы
(5 балл)

Ескертпе: 4, 5-тармақтарда балдар әр маман үшін қойылады.















Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау жөніндегі
конкурстық құжаттамаға
7-қосымша

Банктік кепілдік

____________________________________________________________
(банктің атауы мен деректемелері)
Кімге:_______________________________________________________ (конкурсты ұйымдастырушының атауы мен деректемелері)
№_________кепілдік міндеттеме
______________________________ ____ж. «___»__________________
(орналасқан жері)
Біз бұдан әрі «өнім беруші» деп аталатын_________________________,
(әлеуетті өнім берушінің атауы)
___________________________________________________ ұйымдастырған
(конкурсты ұйымдастырушының атауы)
Білім беру ұйымдарының білім алушыларын тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметті берушіні таңдау конкурсына қатысатындығынан және ___________________________________________
(көрсетілетін қызметтердің атауы)
қызмет көрсетуге әзір екендігінен хабардармыз.
________ж. «___»______________ жоғарыда аталған конкурсты өткізу жөніндегі конкурстық құжаттамада әлеуетті өнім берушілердің банктік кепілдік түрінде конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізуі көзделген.
Осыған байланысты біз______________________осы арқылы өзімізге
(банктің атауы)
Сіздің талап етуіңіз бойынша Сіздің ақы төлеуге жазбаша талабыңызды, сондай-ақ өнім беруші:
конкурсқа қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімді кері қайтарып алғанын;
конкурс жеңімпазы деп танылған өнім берушінің қызмет көрсету туралы шарт жасасудан жалтарғанын;
қызмет көрсету туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгіленген шартты орындауға қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімі туралы талаптарды орындамағанын не уақтылы орындамағанын жазбаша растауды алысымен _______________________________________________________________тең
(сомасы цифрлармен және жазбаша)
соманы Сізге төлеуге қайтарылмайтын міндеттеме аламыз.
Осы кепілдік міндеттеме конкурстық өтінімдер бар конверттерді ашқан күннен бастап күшіне енеді және өнім берушінің конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімі қолданылатынсоңғы мерзімге дейін қолданылады және, егер Сіздің жазбаша талабыңызды біз________ аяғына дейін алмасақ, осы құжат бізге қайтарылатындығына немесе қайтарылмайтындығына қарамастан, толық және автоматты түрде күшін жояды. Егер конкурстық өтінімнің мерзімі ұзартылған болса, онда б шаблоны для dle

Категория: Информация

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.